Қуғын көрді

lat: Qýǵyn kórdi

Қудаланды, қуғынға түсті.

Қуғын көрген, қаңғырған, Қараңғыда жылт еткен, Жаман күнде жау қуған, Сәлем, сонау ағайға (І.Жансүгіров, Шығ.).

Атыңнан айналайын Қарқаралы, Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады. Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай, Мен бір жан қуғын көрген Арқадағы (Бес ғасыр.).

Алып кеттім атқа артып Үйдегі бәрін мүліктің. Қуғын көріп сорлаған Мен-дағы бірі жігіттің (О.Шипин, Дастан.).